Индира Дюсембаева: «Туған өлкенің өркендеуі – басты мұрат»
№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Индира Дюсембаева туған өлкенің өркендеп, гүлденуін басты мақсаттарының бірі санайды.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және елді мекендердің әлеуетін арттыруға бағытталған.
Индира Дюсембаева үшін ауданның әрбір тұрғынының пікірі мен ұсынысы маңызды. Ол халықпен тұрақты байланыс орнатып, елді мекендердің өзекті мәселелерін шешуге атсалысуды көздейді.
«Дамыған аудан – бірлікті елдің жемісі. Туған жеріміздің көркеюі мен болашағы үшін әрқайсымыздың қосар үлесіміз маңызды», – деген ұстанымды алға тартады кандидат.
Ауданның гүлденуі, тұрғындардың әл-ауқатының артуы және келер ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыру – ортақ мақсат.
*№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Индира Дюсембаева сайлау қорынан төленді