Respublica партиясының өкілдері Әлихан Бөкейхан ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Әлихан Бөкейхановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
«Тағзым» рухани-тағылымды іс-шарасына алаштанушы, жазушы, ақын, тарихшы - Нұрқасым Құсмілия Жырғалұлы, Respublica партиясынан мәслихат депутаттары, партия мүшелері және белсенді жастары қатысты.
Нәубәттан қаза тапқан бабалардың рухына 1 минуттық үнсіздік жарияланып, гүл шоқтары қойылды және ақындардың арнау өлеңдері оқылды.
«Қазақ жерінің территориясын бекітуге зор үлес қосқан, ол - Алаштықтар. Әлихан әрдайым жер, жер және жер деген ұстанымды ұстанған. Әлихан Бөкейханов тек қоғамшыл көсем емес үлкен ғалым. Щербинаның экспедициясымен түгел қазақ жерін аралап шыққан. Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиетінің теориясын қалыптастырған. Қазақ тілінің ғылыми грамматикасын, негізін салып, жүйеге келтірген. Тұңғыш әдебиет теориясын жазған ұлы ғұлама. Әдебиет теориясын жаза отырып, Абайдың шығармаларын, қара сөздерін, өлеңдерін талдаған. «Оян қазақ» ұранымен көш бастаған Алаштықтар қазақ халқының азат болып, тәуелсіздігін алуды арман еткен. Осы мұрат жолындағы еңбектері бүгінгі тәуелсіз еліміздің жерінде мәңгі есте қалды», - деп Құсмілия Нұрқасым Алаштықтар туралы тарих беттерінен естеліктерін айтты.
31 мамыр - қазақ тарихындағы таңбасы мәңгілікке қалған саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде қалды.
Тағыда оқыңыз
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын әлеуметтік қолдау шаралары туралыСемейде Алаш боздақтарына арналған мемориалды кешен тұрғызу ұсынылдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның отырысы өтті