Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Семейде Алаш боздақтарына арналған мемориалды кешен тұрғызу ұсынылды

31-05-2023, 09:20 Думан Кенжеғазыұлы

Әлихан Бөкейхан Университетінде 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Абай өңіріндегі саяси қуғын-сүргін тарихы: зерделеу және сараптау мәселелері» атты өңірлік конференция өтті.

Конференция отырысына Абай облысы әкімдігі жанындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссиясының мүшелері, «AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаты, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдар, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 24 қарашасындағы №456 Жарлығына сәйкес құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мен Абай облысы әкімдігі жанындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссиясының атқарылған жұмыстарын зерделеу және күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылау.

Конференцияны Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков жүргізді. Ол Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыстарға ат салысқан мемлекеттік комиссия мүшелеріне алғыс хаттар табыстады.

«AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының Абай облыстық фракциясының төрайымы Шағангүл Жанаева Семейдің мұғалімдер семинариясының Алаш тарихындағы орны жайлы мазмұнды баяндама жасап өтті. 

Жиын барысында қатысушылар Кеңестік билік жылдарындағы саяси қуғын-сүргіннің тарихи себептері мен оның Қазақстандағы көрінісі, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісі, құрбандарды толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижелері, сонымен қатар архив деректеріне негізделген, «Алаш» қозғалысына қатысты жаңа деректер мен тың пайымдаулар туралы сөз қозғады. 

Сондай-ақ конференция барысында ғылыми, деректемелік еңбек түрінде жарық көрген, ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдарының тұсаукесері өтті.

Конференция жұмысына қатысушылар жиын соңында арнайы қарар қабылдап, жергілікті атқарушы билік назарына арнайы «Алаш» музейін құру және Бейбітшілік аралында (бұрынғы атауы - Түйемойнақ) саяси қуғын сүргін құрбандары болған Алаш боздақтарына арналған мемориалды кешен тұрғызу туралы ұсыныстар түсірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив