Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Семейліктер Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады

9-06-2023, 09:22 Думан Кенжеғазыұлы

«Алаш қонған ақ боз үй» деп, Ахмет Байтұрсынұлы жырлағандай, Алашқа пана болған қарт Семей өз биігіне шықты. Осыдан 1 жыл бұрын Семей жұртшылығы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың салиқалы саясатының негізінде, халықтың қалауы ескеріліп, Президент Жарлығымен Абай облысы құрылды. Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы болды.

️Бүгін Абай облысының құрылуына бір жыл толуына орай, Ертіс өзеңінің оң жағалауында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, қоғам қайраткерлері мен өңір тұрғындары қатысты.

Бүгінгі кеште ең айтулы оқиға, мерекелік шараға жиналған қауым бір мезетте Абай облысының эстрадалық-симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Арнайы құрылған экранда Абай облысына қатысты бейнеролик көрсетілді.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив