Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы

12-05-2023, 10:11 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 және Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VII «Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру Семей қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленген:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;

2) көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен – тегін жол жүру;

3) көру қабілеті бойынша ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;

4) 70 жастан асқан зейнеткерлерге - тарифтің 50 % ;

5) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;

6) І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен - тегін жол жүру;

7) ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;

8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;

9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;

10) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға - тегін жол жүру;

11) көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;

12) мүгедектігі бар балаларға жетектеушісімен – тегін жол  жүру.».

Ағымдағы жылдың 4 мамырында жоба мемлекеттік тіркеуден өтті және Әділет департаментінде тіркелді, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив