Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семей қаласында 27 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді

1-06-2023, 15:30 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 27 отбасыға, көп балалы және жетім балаларға көпқабатты тұрғын үй пәтерінің кілті табыс етілді. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, құрылыс қарқыны өсетіні туралы атап өтті.

«Жаз мезгілінің алғашқы күні 27 отбасы баспаналы болуда. Өткен жылы 128 отбасыға жаңа пәтердің кілттері табыс етілді. Пәтер иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа пәтер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін!»- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Семей қаласының оң жағалау бөлігінде бекітілген бас жоспарға сәйкес «Қарағайлы» тұрғын ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.

Шағын ауданда Назарбаев зияткерлік мектебі, 320 орындық балабақша, 5600 орындық «Арена» мәдени-спорттық кешені орналасқан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив