Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Абай облыстық мәслихат төрағасы Жарма ауданына жұмыс сапарымен келді

20-06-2023, 14:04 018.kz

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қоғамдық қабылдау бөлім басшысы Болат Омаровпен бірге Жарма ауданына іс-сапармен барды. 

Бірінші кезекте Қалбатау ауылындағы «AMANAT» партиясы филиалының ғимаратының жағдайымен танысып, қызметкерлермен тілдесті. 

«AMANAT» партиясының Жарма аудандық филиалының атқарушы хатшысының міндетін атқарушысы Жанна Садыкова партия ғимаратында жасалу керек жөндеу жұмыстарын атап өтті. 

Жарма аудандық мәслихатының төрағасы М. Оспанбаев, аудандық әкім орынбасарлары Р. Нұрғалиев, Н. Нұрғалиев ғимарат бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарына тоқталды. 

Кездесу нәтижесінде ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. 

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов қоғамдық қабылдау бөлім басшысы Болат Омаровпен бірге Қалбатау ауылынан кейін Үшбиік ауылына барды. 

Жастар үйі ғимаратында өткен ауыл тұрғындарымен кездесу барысында бұған дейін сайлауалды науқанда тұрғындардан қабылданған өтініштер талқыланды. 

Атап айтқанда, балаларға берілетін жәрдемақы мөлшерін көтеру мәселесі бойынша республикалық деңгейде хат жолданған, мәселе Үкіметтің бақылауында. 

Халықты толғандырған тағы бір мәселе - ауылдағы өндірісті көтеру үшін субсидиялау көлемін арттыру мәселесі. Аталған мәселе бойынша хаттар жолданып, қазіргі кезде шешімін тауып жатыр. Мәселе жергілікті атқарушы биліктің қарамағында, 2,5 пайыздық несие алу бойынша халықпен тығыз түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

Кездесуге Жарма аудандық мәслихатының төрағасы М. Оспанбаев, аудандық әкім орынбасары Н. Нұрғалиев, Үшбиік ауылдық округ әкімі Ө. Шәріпбек қатысып, туындаған сұрақтарға түсіндірме беруде. 

Сондай-ақ әкімшілік ауыл тұрғындарының бизнес жобасын дамытуға дайын екендігін жеткізді. 

«Мал өсірсең, қой өсір, табысы оның көл-көсір» дегендей, Жарма жерінде биязы жүнді асыл тұқымды «Байыс» қойын аудан көлемінде өсіруді ұлғайту мәселесі көтерілген болатын. 

Барлық көтерілген мәселелер бойынша өтініштер қабылданып, тиісті орындарға бағытталды. 

Кездесу барысында ауыл­дық, аудандық дең­гей­дегі проблемаларды өңір басшыларымен сол жерде шешуге тырысты. 

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив