Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

«Атамекен» ҰКП өкілдеріне ҰБЖ дамыту бойынша семинар өткізілді

22-06-2023, 15:46 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту жөніндегі жобалық офисі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының алаңында «Атамекен» ҰКП өкілдері үшін ҰБЖ дамыту бойынша семинар өткізді. Оқытудың негізгі мақсаты – Қазақстанда Ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға мүдделі тараптардың қатысу дәрежесі мен сапасын арттыру.

Іс-шарада «Eurasian Management Solutions GmbH» басқарушы серіктесі, шетелдік сарапшы Томас Хельм сөз сөйледі, ол ГФР мен Болгария мысалдары негізінде ҰБЖ дамытудың халықаралық тәжірибесімен бөлісті. Семинар қатысушыларымен жоғарыда аталған елдердің ҰБЖ-дағы жетістіктері мен проблемалары талқыланды, дуальды оқыту мәселесі қозғалды.

Екінші спикер ретінде Жобалық офисінің сарапшысы Динара Танашева баяндама жасады. Ол кәсіптік стандарттарды (бұдан әрі – КС) бекітудің мақсаты, құрылымы мен тәртібі туралы айтып берді.

«Кәсіптік стандарттар бағалау, аттестаттау, сертификаттау және біліктілікті тану, кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін негіз ретінде әзірленеді және пайдаланушылардың кең ауқымында пайдалануға арналған. Олардың негізгі құрылымдық элементтері глоссарий, паспорт, кәсіптер карточкалары (еңбек функцияларын, міндеттерін, іскерліктері мен білімдерін сипаттау) және КС техникалық деректері болып табылады», – деді Динара Танашева.

Семинар барысында «Атамекен» ҰКП өкілдерімен «Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР заң жобасы талқыланды, ҰБЖ негізгі элементтері, сондай-ақ кәсіптік стандарттарды әзірлеуге байланысты мәселелер қаралды.

Семинар қатысушыларына әзірленіп жатқан Career Enbek ҰБЖ цифрлық платформасы таныстырылды, ол ҰБЖ барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимыл алаңы болады. Сондай-ақ Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы таныстырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив