Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде жылыту маусымына қарқынды дайындықтар жүргізілуде

29-06-2023, 12:48 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі жылыту маусымына дайындық барысын тексерді.

Семейде жылу қазандықтарын жөндеу және жылу трассаларын алдағы қысқа дайындау бойынша ауқымды шаралар қажет. Жылу желілерінің тозуы және қазандықтардың жеткіліксіз қуаты облыс орталығының өзекті мәселесі. ТҮКШ бөлімінің деректері бойынша қалада бар желілердің 68% күрделі жөндеуді қажет етеді. 

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында қазіргі уақытта Семей қаласының әкімдігі 6 жылу көзіне, оның ішінде ЖЭО-1, Орталық, Ғаббасов жылу қазандықтарында жөндеу жұмыстарының жоспарын дайындады. Аталған қазандықтар қала тұрғындары үшін негізгі жылу көздері. «Орталық» және «Ғаббасов» қазандықтарына әрқайсысында 20 Гкал/сағ қосымша су жылыту қазандықтары орнатылады.

Сонымен қатар, Республикалық бюджеттен ұзындығы 3 761 м Семей қаласының Орталық жылу пункті-518 және кварталішілік жылу желілерін, ұзындығы 3 915 м Орталық жылу пункті-401 кварталішілік жылу желілерін, Би Боранбай көшесіндегі жылу жүйесінен Физкультурная көшесіндегі жылу жүйесіне дейінгі магистральдық жылу желілерін қайта жаңартуға қаражат бөлінді. Ұзындығы 0,4 км, «Орталық» жылу қазандығынан кварталішілік жылу желісі және Ұранхаев көшесі бойынша жылу жүйесінен Ленин көшесі бойынша УТ-164/2-ге дейінгі жылу желісі ұзындығы 179,5 М. Барлық объектілер бойынша құрылыс мерзімі 4 айды құрайды.

Жылыту маусымына дайындық шеңберінде жүргізілетін жұмыстарды сапалы орындау үшін жергілікті атқарушы орган тарапынан тұрақты бақылау жүргізілуде. 

Осы жобаларды іске асыру халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге, сондай-ақ қысқы кезеңде жылу желілеріндегі шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Қаланың оң жағалауындағы қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйесінің  жылу қуатының тапшылығы бар. Жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету бойынша осы проблеманың шешімі-ЖЭО-3 құрылысы болып табылады. Осыған байланысты мердігер мекеме техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу бойынша жұмыстар бастады.

Алдын ала есептеулер бойынша жылу жүктемелерінің өсу перспективасын ескере отырып, жылу қуаты сағатына 1 200 Гкал және электр қуаты - 360 МВт қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив