Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Балаларға сыйымдылығы аз үйлерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба басталды

4-07-2023, 17:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде республикада жеке секторды тарта отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы аз үйлерді ашу жөніндегі пилоттық жоба басталды. 2023 жылғы 4 шілдеде Қарағандыда мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы аз бірінші үйдің ашылуы өтті.  

Бүгінгі таңда Қазақстанда 711,8 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде ересектер 607,6 мың адам (еңбекке қабілетті жастағы – 420 мың адам; зейнеткерлер – 187,5 мың адам), 18 жасқа дейінгі балалар – 104,3 мың адам.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен 130 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 61 мыңы – мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде 24 мыңнан астамы – мүгедектігі бар балалар.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) 700-ден астам мемлекеттік субъект ұсынады:

- стационарлық үлгідегі 116 медициналық – әлеуметтік мекеме (бұдан әрі – МӘМ) (қарттар мен бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін жалпы үлгідегі 44; психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер үшін – 52; тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар үшін – 4, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалар үшін – 16);

- 80 күндізгі болу орталықтары;

- 32 оңалту орталығы;

- 503 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі.

Стационарлық ұйымдардың жұмыс істеп тұрған желісіне балама күндізгі және үйде болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады, олар өз кезегінде отбасында адамды сақтау арқылы отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Нәтижесінде бұрын стационарлық мекемелерде болған 800-ден астам бала өз отбасыларына оралды.

Бүгінгі таңда АӘҚ көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты еліміздің барлық өңірлерінде 182 ҮЕҰ жүзеге асыруда (2009 жылы – 4 ҮЕҰ).

ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау шеңберінде жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы жеке секторды тарту арқылы мемлекеттік МӘМ-ді кезең-кезеңімен монополиясыздандыру жоспарлануда. Мүгедектігі бар адамдар тұратын жерлерде тікелей сыйымдылығы аз үйлер, оның ішінде ауылдық жерлерде құрылатын болады.

«Биыл пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде еліміздің 7 өңірінде: Ақмола, БҚО, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында сыйымдылығы аз үйлер ашу жоспарлануда. Бүгін Қарағандыда алғашқы сыйымдылығы аз үй пайдалануға берілді. Мұнда 12 төсек-орынға есептелген күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді психоневрологиялық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар алатын болады», – деп атап өтті ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары Гаухар Қалмақова.

2023 жылғы 1 қаңтарға Қарағанды облысы бойынша мүгедектігі бар адамдардың саны 56,1 мың адамды құрады, оның ішінде бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар 28,9 мың адам, мүгедектігі бар 4,8 мың бала бар.

Өңірде 84 төсек-орынға арналған 1 оңалту орталығы, 10 стационарлық мекеме, 2 күндізгі бөлімше, үйде 57 әлеуметтік көмек бөлімшесі, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған 2 әлеуметтік бейімдеу орталығы, 9 ҮЕҰ жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив