Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті сөндірілді
«Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша бүгін 2023 жылғы 13 шілдеде сағат 13.00-де Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілді. Өртенген учаскенің ауданы 60 000 гектарды құрады.
Жұмылдырылған күштер мен құралдар өртті 14 маусымда сағат 21.00-де оқшаулаған болатын.
Бұған дейін айтылғандай, өрт оқшауланып, ТЖМ күштері мен құралдары тұрақты жұмыс орындарына кеткен сәттен бастап оқиға орнында қайта өртену мүмкіндігін болдырмау мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары кезекшілік (қарауылдау) ұйымдастырды. Өрттің бүкіл периметрі бойынша патрульдеу жүргізілді.
Өрт көлемінің одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана оның оқшауланғаны хабарланатынын атап өткен жөн.
Бұл ретте, өрттің қайта жануына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып, оның жануы тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі.