Жарма ауданы ТЖБ ескертеді: мұз үстіне шығу қауіпті
Ауа райының жылынуына байланысты ауданның су айдындарында мұздың еруі басталды. Осыған байланысты су айдындарындағы мұз осал, сол себепті шұңқырлар мен ойдым жерлер пайда болған, бұл тұрғындардың өмірі үшін қауіп төндіреді.
Көктем мезгіліндегі мұз көп жағдайда балалардың өмірі үшін қауіп төндіреді. Ата-аналары мен үйдің үлкендерінің қарауынсыз қалған балалар қауіпсіздік шараларын білмегендіктен, су айдындарындағы мұз үстінде ойнайды. Мұндай немқұрайлылық қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады.
Құрметті ата-ана! Балаларды өзенге үлкендердің қарауынсыз жібермеңіз, көктем мезгілінде өзен немесе көлдің үстіндегі мұзда жүрудің қаншалықты қауіпті екенін ескертіңіз. Балаларға қауіпсіздік шараларын айтып беріңіз, суда ойнауына тыйым салыңыз, тентектік жасауына жол бермеңіз.
Жарма ауданы ТЖБ тұрғындарға өзінің және жақындарының өмірі үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Мұз үстінде мыналарға:
- мұздың жұқа және қатпаған учаскелеріне шығуға;
- мұздың жекелеген учаскелерінде топ-топпен жиналуға;
- мұздағы шұңқырларға, ойықтарға жақындауға;
- автокөліктермен өткелдерден өтуге;
- түнгі уақытта мұз үстіне шығуға болмайды.
- тек жеке құтқару құралдары (шеңберлер, кеудешелер) болған кезде мұз астынан балық аулауға жол беріледі.
Жарма ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы