Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Жарма ауданында дін мәселелері бойынша кездесу өтті

18-04-2023, 12:50 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Жарма ауданына арнайы жұмыс сапарымен Абай облысының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысы мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары аясында кездесу өткізді.

Аудандық полиция бөлімінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбына дәріс өткізілді.

Кездесудің мақсаты қоғам арасында деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру және мұндай ағымдардың қауіптілігін түсіндіру болып табылады.

Кездесу барысында, Қоғамдық  даму басқармасы дін істері бөлімінің басшысы Айбек Ғапуов, бас маман Мағжан Құрманов және Абай облысы дін мәселерін зерттеу орталығының басшысы Мақсат Омирханов тарапынан, мекеме қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары, ұлттық құндылықтардың дәстүрлі дінмен сабақтастығы, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі жөнінде ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында,  әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.

Кездесу соңында мамандар құқық қорғау мамандарын толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ,  дін саласының мамандары Шар қаласындағы Католик шіркеу мен Қалбатау ауылындағы орталық Мешіттің өкілдерімен кездесіп, діни ахуалмен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив