Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚР ТЖ министрі Семей қаласында бірқатар нысандарды аралады

21-07-2023, 09:22 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 20 шілде күні Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Семей қаласына келіп, Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Министрдің өңір халқымен кездесуі барысында ведомство басшысы ТЖ туындаған кезде халықты хабардар етуге, ТЖ алдын алу және қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.

Сонымен бірге, өрт қауіпті және шомылу кезеңдерінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Министр азаматтарды ТЖ-ның кезінде жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға, ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және олардың қауіпсіздігі жөнінде шаралар қабылдауға шақырды.

Есеп беру кездесуі аясында министр бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті, онда ведомствоның жұмысы, азаматтық қорғау жүйесін дамыту перспективалары, оның алдында тұрған міндеттерді шешу туралы айтты.

Содан кейін, Сырым Шәріпханов азаматтарды жеке қабылдады.

Күннің екінші жартысында министр Абай облысы ТЖД бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесіп, төтенше жағдайлар органдары мен бөлімшелеріне жүктелген функцияларды нақты орындау қажеттігіне баса назар аударды, сондай-ақ құтқарушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Бұдан әрі салтанатты жағдайда Сырым Шәріпханов жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау органдарының және 68303әскери бөлімнің ерекше көзге түскен қызметкерлерін Абай облысында орман өртін жою кезінде көрсеткен батырлығы үшін медальдармен және грамоталармен марапаттады.

Кейін министр Абай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жанындағы өрт-техникалық орталыққа барып, Абай облысының өрт күзетінің тарихымен танысты. Орталық меңгерушісі алғашқы өрт сөндіру бригадасын құру туралы эксклюзивті экспонаттар мен тарихи дереккөздерді көрсетті. Осы орталыққа бару барысында Сырым Шәріпханов құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

ТЖМ басшысының Абай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 5 өрт сөндіру бөліміне сапары қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер Валерий Белоножко мен Рахымғали Икеновтың мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Бұдан әрі бөлімнің қызметтік үй-жайларының жай-күйімен  және техникалық жарақтандырылуымен танысты, сондай-ақ өрт-құтқару спорты бойынша жеке құрамның сабақтарына арналған спорт кешеніне барды.

Содан кейін, министр 68303 әскери бөліміне барды, онда ол мерзімді қызмет сарбаздарымен және бөлімнің офицерлерімен кездесті, қызметтік және көмекші үй-жайларды тексерді.

Кездесу барысында ТЖМ басшысына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған жаңа жабдықтар көрсетілді.

Күннің соңында Сырым Шәріпханов жұмысқа жаңа қабылданғандарға қызмет атқаруда табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив