Өзбекстан азаматына қатысты сот үкімі шығарылды
Заңсыз еңбек мигранттары біздің елімізде ақша табу үшін ауыр қылмыстар жасайтындығы көптеп орын алады. Бұл дегеніміз елдегі қылмыстық жағдайды қиындатады және инвестициялық, туристтік тартымдылыққа әсер етеді.
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен айыптау үкімі шығарылды. Сот отырысында өткен жылдың желтоқсан айында Семей қаласында орын алған кісі өлтіру ісі қаралды. 2022 жылдың желтоқсанында Өзбекстан азаматы Ш.Т. Курбоновпен бірге отандасы Г.П. Нұрымов қаланың бір пәтерінде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізген. Орындалған жұмыс үшін үшін ақша алғаннан кейін Г.П. Нұрымов Ш.Т. Курбоновқа ақшаның бір бөлігін төлеуден бас тартқан, содан кейін Г.П. Нұрымовқа бірнеше соққы беріп, оны тұншықтырып өлтірген.
2023 жылғы 4 шілдеде Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ш.Т. Курбоновты кінәлі деп танып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі