Мелькомбинат көшесіндегі үйлерге орталық жылу жүйесі жүргізілді
Көп жылдар бойы Семей қаласының Мелькомбинат көшесіндегі көппәтерлі үйлер орталық жылу құбырына қосылмай, тұрғындар өз күшімен баспанасын жылытып келді. Енді биылдан бастап бұл үйлер орталықтандырылған жылу көзіне қосылады.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына сәйкес Мелькомбинат көшесіндегі 3, 4, 10, 11, 12 тұрғын үйлеріне жылу желісін тартуға мемлекеттік бюджеттен 192,058 млн. теңге қаражат бөлінді.
Бұл жұмысты «ВостокМонтажИнжиниринг» ЖШС мердігерлік ұйымы 2022 жылдың қазан айында бастап, биылғы сәуір айында толық аяқтады.
Енді 48 пәтер алдағы жылыту маусымынан бастап орталықтандырылған жылу көзінен жылу алады.
Бүгінде тұрғындар өз қаражатымен пәтер ішіндегі жылу жабдықтарын жасап жатыр.
Тағыда оқыңыз
АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІЭкология министрі Зүлфия Сүлейменова Астанадағы су тапшылығын шешу жолдарын айттыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі