Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Семей қаласында «Әлеуметтік керуен» жобасы бастау алды

29-07-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

«Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырысы аясында, ауыл жастарын қолдауға арналған «Әлеуметтік керуен» жобасы шеңберінде қаламыздың төрт ауылдық округінің жастарымен еркін форматта кездесу өткізілді.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты - ауыл жастарының шығармашылық және интеллектуалды әлеуетін дамыту бойынша әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Кездесу Көкентау, Достық, Ертіс, Жиенәлі ауылдық округтерінің жастары арасында өткізілді. «Отбасы банк», «Абай облысы Семей қаласының мансап орталығы», «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» және  «Интеллектуалды жастар қауымдастығының» өкілдерінің арнайы қатысуымен мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпараттар берілді.

«Әлеуметтік керуен» жобасы жастар үшін аса маңызды. Бұл жоба ауыл жастарына ақпараттық кеңестер беріп, алаңдатқан сауалдарына жауап беруге бағытталған. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру арқылы мүмкіндіктерге жол ашу. Керуен құрамы мемлекеттік органдар мен арнайы мекемелердің маман-кеңесшілерінен құралған» - деп атап өтті Жастар ресурстық орталығының директорының міндетін атқарушы Ерсінбек Өрлеубек.

Аталмыш жиын барысында жастар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, мамандардан кеңес алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив