Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Сыйымдылығы шағын үйлерде мүгедектігі бар балаларды арнайы әлеуметтік қызметтермен қамту ұлғаюда

29-07-2023, 15:29 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру аясында Қазақстан өңірлерінде жеке секторды тарта отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы шағын үйлер (бұдан әрі – СШҮ) құру жөніндегі пилоттық жоба басталды. Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мұндай мекемелерді ашудың оң әсерін атап өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар балаларға арналған алғашқы сыйымдылығы шағын үйдің ашылуы осы жылдың 4 шілдесінде Қарағандыда өтті. Мұнда күндізгі стационар жағдайында психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар арнайы әлеуметтік қызметтерді алуда.

СШҮ енгізудің нәтижесінде қызмет алушылар санының аздығына байланысты дамуында кемістігі бар балаларды абилитациялау сапалы форматта жүргізілетін болады. Азаматтар мұндай үйлерді ашу тиімді екенін айтуда.

Арнайы әлеуметтік қызмет алушылардың аналары балаларының Қарағанды қаласындағы сыйымдылығы шағын үйлерде көрсетілген қызметтерден алған әсерлерімен бөлісті.

«СШҮ-ге келгенімізге 3 аптадай болды. Көрсетілген қызметтердің арқасында баламның жағдайы жақсаруда. Мұнда балаларға барлық жағдай жасалған, олар өздерін үйдегідей сезініп жүр және қажетті көмектің барлығы қарастырылған. Осы орталықтың жоғары білікті мамандарына алғыс айтамын», – деді Мәдина Жекенова.

«Мен өз ризашылығымды білдіргім келеді! Бүгінде осы орталықта біздің балаларымыздың толыққанды өмір сүруіне және басқа балалармен араласуына бар мүмкіндік жасалған. Біз, ата-аналар, балаларымыз осында болған уақытта жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар. Әр қызметкерге еңбегі мен балаға деген қамқорлығы үшін рахмет!» – деді өз әсерімен бөліскен Вероника Афанасьева. 

Биыл пилоттық жобаны іске асыру аясында еліміздің тағы 6 өңірінде: Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында сыйымдылығы шағын үйлер ашу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 711,8 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде ересектер – 607,6 мың адам (еңбекке қабілетті жастағы – 420 мың адам; зейнеткерлер – 187,5 мың адам), 18 жасқа дейінгі балалар – 104,3 мың адам.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен 109 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 52 мыңы – мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде 21 мыңнан астамы – мүгедектігі бар балалар.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді 750-ге жуық мемлекеттік субъект ұсынуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив