Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қазақстанның аумағы арқылы өткен жалған транзит 0,3%-ке дейін төмендеді

31-07-2023, 14:21 Думан Кенжеғазыұлы

Көлеңкелі тауар айналымын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасының фискалды органдары өзара іс-қимылды жүзеге асыруда. Осы мақсатта жиі кездесулер өткізіліп, бірқатар келісімдерге қол жеткізілген.

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 2-отырысында (2022 жылғы 8-9 қыркүйек, Бішкек қ.) қол жеткізілген келісімдердің негізінде 2022 жылдың 1 қазаннан бастап 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына бағытталған жүк көліктеріне навигациялық пломбаларды ілу бойынша пилоттық жоба жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы №17 қаулысымен Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау жөніндегі ұлттық оператор болып «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС бекітілді.

2023 жылғы 1 маусымнан бастап Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясымен өзара сауда шеңберінде тауарлардың автомобиль және теміржол тасымалын қадағалау бойынша халықаралық пилоттық жоба жүргізілуде.

Навигациялық пломбалар ҚР-ның аумағынан өтетін тауарларды нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді және жалған транзит фактілерін болдырмауға, нақты импорттаушыны айқындауға бағытталған.

Пилоттық жобаның ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында ҚР арқылы ЕАЭО елдеріне транзитпен өткен барлық (25,5 мың) жүк көліктерінің 0,3%-ға (66 факт) дейін Қырғызстаннан жалған транзиттің үлесін төмендетуі қамтамасыз етілді.

Осыған дейін жалған транзиттің үлесі тек Қырғыз Республикасынан 2019 жылы 21% (5,4 мың факт), 2020 жылы – 13% (4,2 мың факт) құраған болатын.

2021 жылы қабылданған шаралар есебінен жалған транзит үлесін 0,8%-ға (287 факт), 2022 жылы 0,6%-ға (262 факт) дейін қысқарған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив