Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қарулы күштер жеке құрамының қызметтік іссапарлары туралы ережеге өзгерістер енгізіледі

3-08-2023, 16:38 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасының шегінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жеке құрамының қызметтік іссапарлары туралы ережені және Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жеке құрамының, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарлар шығыстарын өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы №644 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.

Экономика және қаржы департаменті Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің қаржы-шаруашылық қызметі бойынша ішкі басқару құжаттарының тиімділігіне тұрақты түрде талдау жүргізеді.

Құжат тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шығындарын төлеу кезінде бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында дайындалды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде осы жылдың 15 тамызына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14652139 сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив