Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.73 558.99 6.63

Мемлекет басшысы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпованы қабылдады

7-08-2023, 17:42 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесу барысында халықтың тұрмыс сапасын арттыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін институттық деңгейде жаңғырту мәселелері талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жақыповаға халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының құқықтарына кепілдіктер мен олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді. 

Атап айтқанда, Президент көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар секілді әлеуметтік санаттағы топ өкілдерімен проактивті жұмыс істеу, сондай-ақ заңнама аясында олардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына қатаң бақылау жүргізу қажеттігін айтты.

Президент мүгедектігі бар адамдардың мәселесін шешуге айрықша назар аударып, осы санатқа жататын отандастарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін заңнамалық және институттық базаны жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. 

Кездесу соңында Президент ұсынылған тәсілдерді тиімді жүзеге асыру үшін Уәкілдің мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив