Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысының әкімі айтыскер ақындарды қабылдады

8-08-2023, 12:40 Еркежан Қуатқызы
2023 жылдың 15-17 тамызында Алматы қаласында «Хабар» телеарнасының эфирінде «Асыл домбыра» телевизиялық жобасы өтеді. Сайысқа Абай облысының атынан бір топ ақын қатысады. Осы орайда, бүгін облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев айтыскер ақындарды қабылдады. Жиын барысында өңір әкімі сайысқа қатысушы ақындарға сәттілік тілеп, «Тұғыры биік Тарбағатай» өнер және спорт фестивалінің «Асыл домбыра - 2023» сайысында топ жарған айтыскер ақын Айбек Жеңісқазинді жеңісімен құттықтады.
«Жақында Ақсуатта финалы өткен «Асыл домбыра – 2023» Айбек Жеңісқазин бауырымыз жеңіске жетіп, бәрімізді қуантты. Ең алдымен, осы жеңімпаз ақынымызды құттықтаудан бастағым келіп отыр. Айбек, Абай өңірі – ежелден топырағына құт қонған, талай тау тұлғаларды өмірге әкелген қасиетті мекен. Сен де сол тұлғалардың тұяғы екеніңді дәлелдеп келесің. Жеңісің құтты болсын!», - деп облыс басшысы өз құттықтауын жеткізді. 
Абай өңірін айтыс өнерінің алтын бесігі деуге болады. Бұл өлкеден небір ақындар шыққан. Бүгінгі күні айтыс өнері ұлттық құндылыққа айналып отыр. Бұл өнер түрі атадан балаға және заманнан заманға ұласып келе жатқан мәдени мұрамыз.
«Құрметті ақындар, біздің өңірімізді айтыс өңірінің алтын бесігі деуге болады. Ұлттық өнерді қай заманда болмасын өлтірмеген, керісінше жаңаша дамуына серпін берген ақындар көптеп шыққан. Бүгінгі беткеұстар ақындарымыз, облысымыздың намысын қорғап жүрген – өздеріңіз. «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетілетін «Асыл домбыра» телевизиялық жобасына Абай облысынан қатысатын сіздерге сәттілік тілеймін! Жеңіспен оралыңыздар!», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Жиын барысында облыс басшысы алдағы уақытта Семей қаласында айтыс орталығын салу мәселесінің кешенді жоспарға енгізілгенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив