Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.58 622.75 6.71

Аягөз ауданы халқының 90%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген

8-08-2023, 16:03 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының Аягөз ауданында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 79,5 км су құбыры желісі салынды.

Аягөз ауданы бойынша 50 елді мекеннің 45-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл халықтың 90% құрайды (елді мекендерде 30 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген).

Қазіргі уақытта қаланы толығымен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету үшін «Аягөз қаласында су құбыры желісінің құрылысы» жобасы басталды.

Осы жоба аясында бүгінде Аягөз қаласының 14 көшесіне 27,4 км су құбырының құрылысы жаңартылып жатыр.

Жобаның аяқталу мерзімі 2023 жылдың 31 қарашасына жоспарланған.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижелеріне сәйкес жұмыстарды «Нұрлы жол – KZ» ЖШС – «СМУ ШЫҒЫС» ЖШС мердігері жүргізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив