Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Абай облысында 152 мониторингтік топ азық-түлік бағасын бақылайды

8-02-2023, 14:03 Думан Кенжеғазыұлы

Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бір деңгейде ұстап тұру үшін бүкіл жерде – үйдің жанындағы дүкендерден базарлар мен ірі супермаркеттерге дейінгі бағаларды бақылайтын 152 мониторингтік топ жұмыс істейді. 

2023 жылдың басынан бастап облыстың барлық ауданында 112 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Бағаны ұстап тұру бойынша 1 260 меморандумға қол қойылды, онда сауда кәсіпорындары ең төменгі сауда үстемесін 10%-дан асырмауға міндеттеме алды.

- Бағаның өсуіне қарсы тұрудың маңызды кезеңі «Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияны» құру еді. Жыл басынан бері оның 10 отырысы өтіп, 8 бұзушылық анықталды, оның ішінде Семей қаласы бойынша 5 бұзушылық, - деді Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов. 

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив