Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.73 558.99 6.63

1441 көше мен 99 мектеп Абай есімімен аталады

10-08-2023, 14:48 Думан Кенжеғазыұлы

Жергілікті әкімдіктердің ақпаратына сәйкес өңірлерде Абай есімімен аталатын 1441 көше, 12 даңғыл, 99 мектеп, 4 колледж және 1 театр бар.
 
Былтыр Президент Жарлығымен Абай облысы құрылып, әкімшілік орталығы болып Семей қаласы белгіленді. Одан бөлек Қазақстанда 1 қала, 3 аудан және 28 елді мекенге ұлы ақынның есімі берілген.

«Қазақстанда Абай Құнанбайұлына 30-дан астам ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ әлемнің 18 мемлекетінде ұлы тұлғаға арналған монументалды өнер кешені бар. Атап айтқанда, Ташкент, Мәскеу, Бішкек қалаларында Абайдың ескерткіші болса, Ренн, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Стамбул, Нью-Дели, Женева, Париж, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков және Баку қалаларында бюсті қойылған»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив