Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Абай күніне орай Аягөз гарнизонында «Абайға қарап ой түзе» атты танымдық шара өтті

11-08-2023, 09:48 Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Абай күніне орай Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімі сарбаздарымен «Абайға қарап ой түзе» атты танымдық сабақ өткізілді.

Ұлы ағартушының құрметіне орайласытырылған сабақта басты мақсат Абай Құнанбаевтың тағылымын сарбаздардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның шығармашылығын кеңінен насихаттау және жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу болды.

Аталмыш шараны ұйымдастырған әскери бөлімнің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы Айдана Жақсылықова ең алдымен сарбаздарды Абайдың өмірі мен шығармашылығы турасындағы кітаптар ұсынылған ақпараттар тақтасымен таныстыра отырып, ақын туралы келелі ой, тың мәліметтер берді. 

Ақпараттар тақтасында ақынның шығармалары мен қатар, оның өмірі мен шығармашылығы туралы мерзімді газет басылымдары қойылды.Тілші, мәдениет қайраткері Сұлтан Оразалиновтың «Абай елі» атты кітабы арқылы туған жері туралы қызықты деректер ұсынылды. Абайдың ақындығы, ойшылдығы, сазгерлігі және аудармашылығына қатысты сауалдар қойылып, сарбаздар өз пікірлерін жеке-жеке ортаға салып, туындыларын жатқа оқып, сабаққа белсене қатысты.

1-мотоатқыштар ротасының оқшашаршысы қатардағы Айтбаев Рахат Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» және Лермонтовтан аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» әндерін қазақтың қара домбырасымен нақышына келтірін орындап, сабақты әсем үнімен айшықтай түсті. Ақын өлеңдерінде, қара сөздерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен халық қамын ойлаған жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырғандығы туралы жас ұрпаққа қалдырған мұрасы туралы сөз қозғалды.

Сабақ барысында сарбаздар ұлы ақынның кішкентай балалық шағынан, үлкен азамат дәрежесіне жетуіне қатысты мағұлматтарға қанықты.

«Мен бүгінгі танымдық сабақта Абай атамыз жайлы естімеген тың деректер алдым және ол кісінің шығармашылығын алдағы уақытта тереңірек зерттейтін боламын. Себебі Абай атамыздың өзін-өзі дамыту туралы және де философиялық шығармаларында Отанға деген сүйіспеншілік дәріптеледі», деді қатардағы жауынгер Рахат Айтбаев.

Айта кетейік, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың туған күніне ұйымдастырылған сабақ соңында тіл маманы Айдана Жақсылықова ерекше өнерімен сүйсіндірген қатардағы Рахат Айтбаевқа ақынның "Қара сөздер" кітабын сыйға тартты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив