Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үржар ауданында жүгері суарудың жаңа технологиясы игеріліп жатыр

17-08-2023, 15:26 Думан Кенжеғазыұлы

Үржар ауданында егін шаруашылығында ылғал үнемдейтін технология белсенді енгізіліп жатыи. Бұл әдіс ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, су ресурстарын үнемдеуге және егін сапасын жақсартуға көмегін тигізеді.

Бүгінде Егінсу ауылдық округіне қарасты Сартерек учаскесіндегі «Алғабас» шаруа қожалығы тамшылатып суару әдісімен 100 га жүгері еккен. Дәл осы аумақта «Мұхит-Агро» ЖШС 12 бірлік техникамен жаңбырлатып суару әдісі арқылы 960 га жерге 640 га жүгері, 320 га бидай өсіріп жатыр.

Сондай-ақ, Қаратұма ауылдық округiне қарасты Балатөбе учаскесiнде «Urdzhar Agro Company» ЖШС 720 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісімен, 100 гектар жерге тамшылатып суару арқылы жүгерi өсіруді игеріп отыр.

Мақаншы ауылдық округіне қарасты Төрткөл елді мекенінде 74 гектар жүгерінің тамшылатып суару әдісімен суару тиімділігін арттырып, су шығынын азайтуға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, Үржар өңірінде ауылшаруашылығында жаңа технологияларды қолдануды үйреніп, тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар ұйымдастырылады. Шараның басты мақсаты – бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив