Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мердігерге «Қалбатау-Майқапшағай» автожолындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды

21-08-2023, 08:43 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен «Қалбатау-Майқапшағай» және «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолды қайта жаңғырту жұмыстарына қатысты кеңес өтті.

Жиынға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының, «Синьсинь» және «Ситик» мердігер компанияның өкілдері қатысты.

Димитрий Гариков облыс үшін екі маңызды автожолындағы жөндеу жұмыстарында кешігу барын және осы бағытта жұмысты күшейту керек екенін атап өтті.

«Қалбатау-Майқапшағай» автожолының кейбір учаскелерінде жұмыстар кешігіп жатыр, бұдан бөлек жоспарға сәйкес қысқа дейін «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолында асфальт қабатымен қозғалысты ашу керек, бірақ бұл бағытта да жұмыстарда тұралап тұр. Жұмыстарды жандандыру мақсатында жұмысшылардың үшінші аусымын қосуға келістік. Сондықтан тоқтап тұрған учаскелерді аяқтау туралы уәделеріңізді орындауларыңыз қажет», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, жиын  барысында қатысушылар жол учаскелерін қысқы кезеңге дайындау бағытында жұмыс қарқынын арттыру қажеттілігін талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив