Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Абай ауданында 4326,5213 га жертелімі қайтарылды.
Өңірде жер кадастрын ұйымдастыру және елді мекендердің шекарасын белгілеу жұмыстарын жетілдіру бағытында айтарлықтай жұмыстар жасалды. Атап айтқанда, жер кадастрының тиісті сызбасы мен жобасы әзірленді.
Осы мақсатта ауылдық округ әкімдері тарапынан ауыл тұрғындарының,шаруа қожалықтарының, қоғамдық бірлестіктердің, ардагерлер кеңесінің, депутаттардың, сондай-ақ ауылдық мекеме басшылары мен мамандарының қатысуы мен тұрақты түрде кездесу өткізіліп тұрады.
Пайдаланылмай жатқан жертелімдерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында да қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда 15 шаруа қожалығы мен 1 коммуналдық мемлекеттік мекемеге тиесілі 29 жертелімі ауданның арнайы жерқорына қайтарылды.Аумағы4326,5213 га құрайтын бұл учаскелер бұрын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған.
Айта кетсек,Абай ауданының аумағы 2 млн 9 мың га құрайды. Оның ішінде 1 млн 173 мың жайылымдық жер.