Абай облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Абай облысында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарқынды шешіліп жатыр. Бұл бағытта жұмыс істеу үшін арнайы облыстық ведомствоаралық комиссия құрылды.
Жарма ауданында бірқатар оң көрсеткіштер бар. Мәселен, 11 жер пайдаланушыдан жалпы көлемі 16 523,7 га жер учаскелері қайтарылды.
Бұдан бөлек ауданда келесі жұмыстар атқарылды:
Суықбұлақ ауылындағы «Ақжан» шаруа қожалығы 160,0 га, «Адлет Жан Са Ерасыл» шаруа қожалығы 2180,0 гектар жерді қайтарды. «Атамекен» шаруа қожалығы Қапанбұлақ ауылдық округінен 7400,0 га, Қызылағаш ауылдық округінен 5000,0 га жер мемлекетке қайта берілсе, «Медеу» шаруа қожалығы Аршалы ауылдық округінен 539,6 га, Қалбатау ауылдық округінен «Шынар» шаруа қожалығы 18,1 га жерді қайтарды.
Облыстың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасымен пайдаланушыларға тұрақты негізде пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне өз еркімен қайтаруды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Анықтама үшін: Жарма ауданының жалпы көлемі 2 342 271 га, оның 1 952 996 га жайылым, 128 886 га шабындық, 87 236 га егістік, 173 153 га пайдаланылмаған жерлер. Елді мекендер ішіндегі жайылымдық жер көлемі 332 585 га.