Семейліктер қала күнін тойлауды бастап кетті
Бүгін Абай театрында «Туған қалам – Семейім» атты авторлық әндер фестивалі өтті. Байқау Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен шаhарымызда алғаш рет болды. Қатысушылардың орындау шеберлігін, мазмұны мен әуенін бағалау үшін әділ қазылар алқасы Мапруза Утуленова, Аймұханбет Бейсенбек, Еркебұлан Мұқаш сияқты кәсіби өнер иелерінен құралды.
«Аталған фестиваль – қаламыздың мәдени өміріндегі маңызды шара екені анық. Себебі, бұл шара арқылы Семейліктердің қонақжайлығын көрсетудеміз, сондай-ақ, фестиваль жастардың бойында поэзия мен музыкаға деген талғамдарын қалыптастырады, шығармашылық тұлғалар арасында тәжірибе алмасуға септігін тигізеді», - дейді ұйымдастырушылар.
Фестиваль қортындысы бойынша қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, жеңімпаздар қаржылай сыйлыққа ие болды. Атап өтсек, 1 орын иегері - «Жас толқын» вокалдық тобы 500 000 теңге, 2 орын иегері - Г.Ноғайбаева 300 000 теңге және 3 орын иегері - А.Мұхамедкалиев 200 000 теңгені қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар бас жүлде иегеріне бейнеклип түсіру мүмкіндігін сыйлады.
Шара барысында қаламыздың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер Семей қаласының әкімі Н.Нұрсағатовтың алғыс хаттарымен марапатталды.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіҚазақстандық мектептердің 6,8 мың түлегі – «Алтын белгіге» үміткерШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Шәкәрім шаңырағының ғылыми тынысы және инновациялық әлеуеті