Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан туберкулезді жою жөніндегі әлемдік көшбасшылар коалициясына қосылды

21-09-2023, 10:54 Жұлдызай Кәкімова

БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йорктегі 78-ші сессиясы барысында «Қазақстанда ТБ тоқтатамыз» әріптестігінің қолдауымен туберкулезді жою жөніндегі әлемдік көшбасшылар коалициясына қосылды.

Бұл біздің еліміздің туберкулезбен күресуге деген жоғары міндеттемесін растайды және қоғамдық денсаулық сақтау проблемасы ретінде туберкулезді жою жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізудегі әлемнің барлық елдерінің бірлескен күш-жігерінің маңызды рөлін атап көрсетеді.

Коалицияны іске қосуға Қазақстан, Индонезия, Кения, Танзания, Филиппин және Оңтүстік Африка Денсаулық сақтау министрлері қатысты.

ҚР ДСМ басшысы Ажар Ғиният Қазақстанның туберкулезбен күресте елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті. Мәселен, соңғы 5 жылдың ішінде туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 24,2%-ға төмендеді, өлім көрсеткіші 1,7 есе, инфекцияның таралуы 2,3 есе төмендеді.

Қазақстанның елдер коалициясына кіруі туберкулезді қоғамдық денсаулыққа қауіп ретінде жоюға мүмкіндік береді, ол үшін елде барлық жағдайлар жасалуда, атап айтқанда:

- мемлекеттің саяси қолдауы қамтамасыз етілді, ол 2020 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде және 2023-2025 жылдарға арналған ҚР фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтерді дамытудың Жол картасында көрсетілген;

- ДДҰ ұсынымдарына сәйкес НҚА, хаттамалар және ҚТ бойынша жаңа нұсқаулықтар бекітілді;

- пациенттердің ауруды анықтаудың жаңа жылдам молекулалық-генетикалық әдістеріне жалпыға бірдей қолжетімділігі қамтамасыз етілді, жаңа препараттармен, қысқа және жеке емдеу режимдерімен емдеу енгізілді;

-пациентке бағдарланған тәсіл, МСАК деңгейінде қызметтерді орталықсыздандыру, жоғары қауіп тобындағы адамдармен және халықтың қол жеткізу қиын топтарымен жұмыс істеу үшін азаматтық қоғам ұйымдарын тартуды кеңейту жүзеге асырылады;

- бейне-ілеспе емдеу енгізілуде, туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі;

- мониторинг және бағалау жүйелері күшейтілді, туберкулезбен ауыратындардың ұлттық тіркелімі жетілдірілуде, туберкулезге қарсы қызметті тұрақты қаржыландыру және техникалық әріптестермен және халықаралық донорлармен ынтымақтастық қамтамасыз етілуде;

- заманауи операциялық зерттеулер жүргізілуде, «Қазақстанда туберкулезді тоқтатамыз» Ұлттық әріптестік дамуда.

А. Гиният туберкулезді жеңу үшін халықаралық әріптестердің күш-жігерін біріктіру және барлығына саламатты және әділ болашаққа жол ашу арқылы көшбасшылар коалициясының мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив