Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

22-09-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Жәмилә Бақбергенова Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, ең олжалы қазақ палуанының біріне айналды.

Ұлттық құрама көшбасшысы санаулы сәттер бұрын Наталья Ивона Стшалканы (Польша) 4-1 есебімен жықты. Бұл 27 жастағы қазақстандық спортшының дүниежүзі бәсекесіндегі қатарынан 3-жүлдесі. Ол 2019 жылы Ослода, былтыр Белградта күміс жүлдеге ие болған. Жәмилә – мұндай нәтижеге қол жеткізген әйелдер арасындағы тұңғыш қазақ палуаны.

Айта кетейік, Бақбергенова кеше чемпионатты 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Фанни Нагидың (Сербия) жауырынын жерге тигізіп, сосын, ресейлік Ксения Бураковадан айласын асырды (7-1). Алайда жартылай финалда Даваанасан Энх Амарынға жол берді.

Осы тұста Жәмилә Бақбергенова (72 кг салмақта) сары құрлық бəсекесінде 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ палуаны екенін айта кетейік. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).

Қазақстандық палуан чемпионаттан кейін Ұлттық құрамамен елге оралып, Қытайда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды. Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта бақ сынап, тәжірибелі Эльмира Сыздықованың орнын жоқтатпауға тырысады.

Жалпы Сербия астанасындағы палуандар додасы 24 қыркүйекте мәресіне жетеді. Осы аралықта 77 мемлекеттен жиналған 1000-ға тарта спортшы кім мықтыны анықтап жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив