Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семей қаласының полицейлері қалта ұрыларын ұстады

10-02-2023, 14:32 Думан Кенжеғазыұлы
Семей қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қалта ұрыларын ұстау бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.
 
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қымбат телефондарды ұрлады деген күдікпен полицияның көзіне облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны түсті.
«Жұмыссыз жас жігіт қоғамдық көліктерде қылмыстық жымқырумен айналысып, көлік ішіндегі дүрбелеңді пайдаланып, ұялы телефонды мектеп оқушысының қалтасынан ұрлап алған. Осыған ұқсас схемамен 27 жастағы жергілікті тұрғын бойжеткеннің ұялы телефонын қолды қылған. Қылмыс жасаған қаскөйлер ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда. Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1 бөлігі  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деді Семей қ. ПБ бастығы Қ.Әбдіғалиев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив