Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында кәсіпкер орындаған жұмысының ақысын ала алмаған

27-09-2023, 17:04 018.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментіне кәсіпкерге мемлекеттік сатып алу шарты аясында атқарылған жұмыс үшін ақы төленбегені туралы өтініш келіп түсті.

Мән-жайды анықтау барысында кәсіпкер Бесқарағай ауданындағы ауылдық округтердің бірінде асфальт төсеу жұмыстарын орындағаны, ал тапсырыс беруші объектіні қабылдағаны белгілі болды.

Осыған қарамастан, әкімдік кепілдік мерзімі шеңберінде жойылатын кемшіліктерді сылтауратып, кәсіпкердің ақысын төлемеген.

Осылайша, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның нормалары бұзылған. Аталған заңда тапсырыс беруші шарттық міндеттемелер орындалғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде орындалған жұмыстар үшін төлем жасауға міндетті екендігі көрсетілген.

Аумақтық департамент араласқаннан кейін кәсіпкер алдындағы берешек өтелді.

Объект қабылданған соң анықталған кемшіліктер түзетілді, әкімдік тарапынан кәсіпкерге шағым жоқ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив