Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Бородулиха ауданында көмір қоры жеткілікті

29-09-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бородуллиха ауданына жылу маусымына жалпы 96,3 мың тонна көмір қажет. Оның ішінде: бюджеттік ұйымдарға – 9,0 мың тонна, коммуналдық қазандықтарға – 2,1 мың тонна, халыққа – 35,2 мың тонна, «Востокэнерго» ЖШС – 50 мың тонна қатты отын бөлінген. Бүгінде ауданда 58,2 мың тонна көмір қоры бар.

Аудан аумағында 32 қазандық жұмыс істейді, оның ішінде: білім беру нысаны – 23, денсаулық сақтау нысаны – 2, «Коммуналдық шаруашылық» КММ – 6, «Востокэнерго» ЖШС – 1.

Білім беру нысандарына қажетті 7857 т. қатты отынның 5850 тоннасы, денсаулық сақтау нысандарына қажетті 1204 тоннаның 950 тоннасы түсірілген. Әлеуметтік нысандар үшін сұйық отынға деген қажеттілік 134,2 тоннаны құрайды, оның 44,7 тоннасы жеткізілді.

Бородулиха колледжінде жылыту автономды қазандық арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда қосымша үшінші қазандық орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Яғни, жылыту маусымына қажетті 400 тонна отынның 250-ін алып келді.

Ауданда орталықтандырылған жылу жүйесіне 51 көпқабатты тұрғын үй қосылған. Көмірге сұраныс мөлшері 2 100 тонна, қазіргі таңда 470 тонна қатты отын бар. Бұдан бөлек аудан тұрғындарына 23 750 тонна көмір қоры дайын.

Жезкент кентіндегі қазандықтың агрегаты жөнделіп, құбырлары ауыстырылды. Жылыту маусымына 49 911 тонна көмір қажет, оның 20 130 тоннасы, яғни 40,0%-ы жеткізілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив