Жарма ауданына қажетті көмір қоры жеткізілді
Жарма ауданындағы қатты отынға жалпы қажеттілік 79 608 тоннаны құраса, бүгінде 35 252 тонна көмір тасымалданды.
Жарма ауданында 49 білім беру мекемесінің 33-і көмірмен, 12 нысан электр пешімен жылытылады, 4 нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. 18 білім ошағындағы жылу желілерін жөндеу жұмыстары аяқталды.
Алдағы жылыту маусымында білім беру нысандарына қажетті 8821 тонна отынның 7553 тоннасы жеткізілді, бұл қажетті көлемнің 85,6% құрайды.
Сондай-ақ аудандағы денсаулық сақтау мекемелерінде 4 жылу қазандығы, ауылдық округтердегі емдеу мекемелерінде 15 жылыту пеші бар. Денсаулық сақтау нысандарына қажетті 2058 тонна отынның жартысы бар.
Жарма ауданында екі орталықтандырылған жылу қазандығы бар: Шуақ ауылындағы жылу қазандығы, Ауэзов кентіндегі «АКС» ЖШС қазандығы. Бұл қазандықтарға алдағы жылыту маусымына қажетті қатты отын көлемі 13 129 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда Шуақ ауылындағы жылу қазандығы 1795 тонна, «АКС» ЖШС қазандығы 3529 тонна отынмен қамтамасыз етілген.