Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Малкелді ауылдық округінің əкімі «ҚР Үздік мемлекеттік қызметкері» атанды

17-09-2023, 11:32 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын мемлекеттік қызметкерлер арасында кеңінен насихаттау мақсатында Елордамыз Астана қаласында ұйымдастырылған «Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады» атты республикалық конференциясы өтті.

Конференция аясында «ҚР Үздік мемлекеттік қызметкері» атты Республикалық байқау жеңімпаздары анықталды.

Абай облысы, Аягөз ауданы, Малкелді ауылдық округінің əкімі Исаханов Мақсат Ғылымбекұлы еліміздің əлеуметтік жəне экономикалық дамуына, ауылды дамытуда атқарған елеулі еңбегі үшін «ҚР Үздік мемлекеттік қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив