Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі

11-10-2023, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.

Жобамен қорғаныс ведомствосы басшысының  "Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2017 жылғы 27 шілдедегі № 393, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414, "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік паектерінің белгіленген нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери паек құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 8 тамыздағы № 431,  «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын кию және айырым белгілері қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинаттары қызметкерлері санының нормативтерін бекіту туралы" 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 595 бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі.

Өзгерістер Қарулы күштердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық олқылықтарды жоюға және рәсімдерді бюрократиясыздандыру мақсатында дайындалды. Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғамайды, тауарлармен, қызметтермен немесе зияткерлік меншік құқықтарымен сауда жасауға қатысы жоқ.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде биылғы жылдың 20 қазанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14741272

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив