«Екі жұлдыз» байқауы ерекше жұлдыздарға үміт сыйлады
Абай облысында «Екі жұлдыз» сайысы ұйымдастырылды. Байқауға облыстың 5 ауданынан мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысты.
Байқаудың мақсаты – жас дарындарды ынталандыру және өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау. Облыстық байқауға қатысуға барлығы 19 өтінім түсті.
Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев жас дарындарды қолдап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айнұр Сұлтанова мұндай шараларды өткізудің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
Үш санатта өнер көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен диплом, ал тәлімгерлерге алғыс хат табысталды. 18 және одан жоғары жастағы өнерпаздар санатында бас жүлде Үржар ауданының өкілі Орман Базарханға бұйырды. Ал бірінші орынды Семей мен Үржар ауданының атынан өнер көрсеткен қатысушылар иеленді.