Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
474.83 515.38 5.5

Көкпекті ауданында абаттандыру жұмыстары жалғасуда

16-10-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауылында «Заречный» саябағы күрделі жөндеуден өтті. Бұл саябақ 2019 жылы салынған, бірақ 2021 жылы вандализм кесірінен айтарлықтай нұқсан келген. Саябақты қалпына келтіру жұмыстары 2023 жылдың тамызында басталған. Мұнда 1 балалар ойын алаңы, 1 шағын футбол алаңы және стрит воркаут алаңы орнатылған.

Сондай-ақ, Көкпекті және Шәріптоғай ауылында жаңа шағын футбол алаңдары пайдалануға берілді. Бұл спорт нысандары заманауи қоршау, металл бағана, арнайы жабын, қақпа,  жарықтандыру және көрерменге арналған орындықпен жабдықталған.

Бұдан бөлек, 2023 жылы Шәріптоғай ауылында ауылдық клуб ашылып, мектептің шатыры жөнделді. Сонымен қатар, ұзындығы 4 шақырым Көкпекті-Шәріптоғай тас жолына, ауылішілік көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда сумен жабдықтау желілерінің құрылысы белсенді іске асырылып жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив