Астанада 26-27 қазанда Қазақстан онкологтары мен радиологтарының IX съезі өтеді
2023 жылғы 26-27 қазанда Астана қаласында гибридті форматта Қазақстан онкологтары мен радиологтарының IX съезін өткізу жоспарлануда.
Кезекті съезд Астанада МСАК бойынша халықаралық конференция өткізуге және мерейтойлық күндерді атап өтуге орайластырылған: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылғанына 75 жыл, ДДҰ-ның МСАК бойынша халықаралық конференциясының Алматы декларациясына қол қойылғанына 45 жыл және Астана декларациясының 5 жылдығы.
Қазақстан онкологтары мен радиологтары съезінің бағдарламасына онкологиялық көмек көрсетудің негізгі бағыттары: онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикасы, ядролық медицина және визуалды диагностика, онкохирургияның қазіргі заманғы жетістіктері, кеуде онкологиясы, сүт безі ісіктері, онкоурология, онкогинекология, бас және мойын ісіктері, сүйек ісіктері, жұмсақ тіндер мен меланомалар, колоректалды обыр, онкогематология, абдоминалдық онкология, нейроонкология, обырды диагностикалау мен емдеудің заманауи медициналық технологиялары, сәулелік терапия мен мақсатты және иммунотерапияның жоғары технологиялық әдістері, патоморфология, онкологиядағы қарқынды терапия, онкологиялық пациенттерге оңалту, психоәлеуметтік, мейіргерлік және паллиативтік көмек мәселелері, қатерлі ісіктердің дамуы мен эволюциясындағы ғылыми жаңалықтар, онкологиялық пациенттерге көмек көрсетудің даму перспективалары.
Бұдан басқа, онкологиялық көмекті ұйымдастыру, онкологиялық аурулардың профилактикасы және скринингі бойынша ДДҰ-мен бірлесіп сессиялар өткізу жоспарлануда.
Біздің миссиямыз - конференцияның барлық қатысушыларының арасында тәжірибе мен білім беру ортасын ұйымдастыру. Білімді кеңейту және тәжірибе алмасу дәрігерлік практикадағы қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді және халыққа онкологиялық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді!
Қазақстан онкологтары мен радиологтарының съезіне қатысушыларды тіркеу және алдын ала бағдарлама: https://kazior.online/Home/Event/1012 сайтында.
БАҚ үшін анықтама және аккредиттеу: +7 701 705 78 76 (+WhatsApp)