Ақтоғай кентінде өрт сөндіру бекеті ашылды
Аягөз ауданы Ақтоғай кентінде 10 адамнан тұратын жеке құрам мен 2 өрт сөндіру техникасы бар өрт сөндіру бекеті ашылды. Бекет Ақтоғай кентіне, Қопа және Тарлаулы ауылдық округіне қызмет көрсетеді.
Өрт сөндіру бекеті заманауи жылытылатын тұрақпен жабдықталған және телефон байланысымен қамтамасыз етілген. 2022 жылы KAZ Minerals Aktogay өрт сөндіру бекетін жөндеуге 23 млн теңге бөлді.
Анықтама үшін: Абай облысында 65 бірлік техникасымен қамтамасыз етілген 59 өрт сөндіру бекеті бар. Бесқарағай өңірінде екі өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланған. Ал 2025 жылға дейін облыста тағы осындай 14 пост салынады.
Тағыда оқыңыз
АнықтамаКAZ Minerals тобы Ақтоғай және Қопа ауылдарында жол жөндеу және көшет отырғызу жұмыстарын қаржыландырдыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚопа және Ақтоғай ауылын дамытудың жол картасы әзірленеді