Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Шәкәрім құдығы

Абай ауданының орталығынан қашықта, 110 шақырым жерде орналасқан Бақанас, Балашақпақ, Керегетас, Қарабұлақ сияқты тарихи ескерткіштерге айналған қасиетті жерлер Шыңғыстау тауының жайлауларының ең шұрайлы мекендері болып саналмақ. Көркем табиғатымен, тұңғиық тарихымен өзіне тартатын киелі аймақтар «Абай жолы» роман-эпопеясында жер-су аттары ретінде айшықты суреттеледі.

Хакім Абайдың шәкірті, туыс інісі, ХХ ғасырдың ұлы философы, ақын Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының мүрдесі Бақанас өзенінің бойындағы осы құрқұдықта 30 жыл жатқан. Қазақ зиялысының дәл осы құрқұдықта мүрдесі қалғанын Қабыш Керімқұлов атты жергілікті жер тұрғыны Шәкәрімнің баласы Ахатқа айтып жеткізген.

Қажылық сапардан келген соң Шәкәрім Құдайбердіұлы 1908 жылы Шақпақ жайлауында саятқора салдырып, елден жырақ жатады. Ондағы негізгі ойы саясаттан, биліктен бас тартып, поэзияға, таным пәлсапасына үңіле түсу еді. Елдің төрт-түлігін тартып алып, тәркіленуіне байланысты 1931 жылы қазақ сахарасының түкпір-түкпірінде дүмпулер мен көтерілістер басталып жатады. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұранын ұстанған Кеңес Одағының белсенділеріне қарсы «Шыңғыстау» көтерілісі өткен екен. Сол кездегі НКВД қызметкерлері: «Жағдай ушығып тұр» деген желеумен Семей қаласынан арнайы жазалаушы отрядын шақырған. Қырғын ұйымдастырып, Шәкәрімді көтеріліс лидері деп, жалған жала жауып, сот үкімінсіз оққа байлаған. Мүрдесін Бақанас өзені бойындағы құрқұдыққа тастап кеткен. Ғабдуллахат-бізге белгілі Ахат Шәкәрімұлы әкесінің сүйегін тура отыз жылдан кейін қазып алып, Қарауыл ауылында жаназасын өткізіп, Жидебайға хәкім Абайдың қасына жерледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив