Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

«Қоңыр әулие» үңгірі

«Қоңыр әулие» үңгірі Қарауыл ауылынан 80 шақырым, ал Тоқтамыс ауылынан 20 шақырым қашықтықта Ақтас тауындағы шатқалда орналасқан. 

«Қоңыр әулие» үңгірі табиғи құбылыстың негізінде пайда болған. 

Аңыз бойынша үңгірдің тереңінде 3 көл жасырылған. Үңгірге кірген адам баспалдақпен 120 метр тереңге түседі. Үңгірдің ені шамамен 12-15 метр, аумағы 120 метрге созылады.Үңгірдегі көл суының температурасы  (4 градус) қысы-жазы өзгермейді, ал үңгірдің ішіндегі температура +7 градус.

«Қоңыр әулие» үңгірі жайында ел арасында аңызға бергісіз әңгіме көп. Оның ішінде ауыз әдебиетінде сақталған деректердің дені жоңғар шапқыншылығымен байланысты. Шаған шайқасы осы үңгірдің маңында өткені тарихтан мәлім. Соның дәлеліндей тау бөктерінде көптеген рудың таңбалары тасқа қашалса, ұрыста қаза тапқан жауынгерлер жерленген қорым орны сақталған.

Алаштың айбатын асырған Абылай хан әйгілі Қабанбай батырға «Дарабоз» атағын осы жерде берген деген деректер де сақталған.

«Қоңыр әулие» үңгірі 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 киелі жерлері» картасына енгізілді.

«Қоңыр әулие» үңгірі халық арасында рухани қасиетті орын ретінде қастерленеді. Келушілерге қолайлы болу үшін қуаттылығы жоғары жарықшамдар құрылды. Ұзындығы 120 метр болатын ағаш баспалдақты жол салынып, жерасты көлінің суына барушыларға демалыс алаңдары да әзірленді. Сыртқы тау етегінен үңгірге баратын баспалдақты аяқжол жасалынды.

«Қоңыр әулие» үңгірінің жанынан заманауи талаптарға сай барлық тиісті жабдықтармен қамтылған 20 адамға арналған  қонақ үй орналасқан.

Үңгірге келетіндердің бір тобы туристік бағытта қызығушылықпен келсе, екінші бір тобы емделуге келеді. 


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив