Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

С. Жақыпова «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жұмыскерлерімен кездесті

18-10-2023, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Жезқазғанға жұмыс сапары аясында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында 55 жастан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерге жаңа арнайы әлеуметтік төлемді енгізуге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша еңбекті қорғау мәселелері мен пысықталатын тәсілдер талқыланды.

Светлана Жақыпова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) жаңа әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі қағидаттарын белгілегенін хабарлады. Ол үшін жұмысшы 55 жасқа толуы және жұмыскерлерге арналған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) кемінде 7 жыл аударылған болуы қажет. Қазіргі уақытта ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – ҚНРДА) өмірді сақтандыру компанияларымен бірлесіп қажетті есептеулер жүргізуде.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз бұл мәселені мүдделі мемлекеттік органдармен пысықтадық. Қазірдің өзінде бұл әлеуметтік төлем әртүрлі қаржыландыру көздерінен бірнеше құрамдас бөліктерді қамтиды: бюджет қаражаты, зейнетақы жинақтары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төлемдер. Сондай-ақ сақтандыру компанияларынан төлемдер көзделеді. Әлеуметтік төлемнің соңғы мөлшері ҚНРДА және сақтандыру компаниялары есептеулерін аяқтаған кезде анықталады», – деді министр.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС ұжымымен кездесуден кейін Еңбекминінің басшысы кәсіпорынның қызметімен және жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен танысты. 

Светлана Жақыпова жұмыс сапары барысында «Қолғанат Ұлытау» ҚҚ тігін цехына барып, Ұлытау облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив