Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Бородулиха ауданында бүгін 10 отбасы қоныс тойын тойлады

24-10-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Ұлттық мереке Республика күнінің қарсаңында Бородулиха ауданының орталығында жаңа үйлердің кілттері табысталды. 

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Бородулиха ауданының кезекте тұрған азаматтарына 10 пәтер берілді. Оның қатарында 2 көп балалы отбасы, 7 әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы, 1 зейнеткер бар. 

«Еліміздің негізгі саяси бағыттарының бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету екені белгілі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында бұл туралы үнемі айтып отырады. Әрбір тұрғын үйге мұқтаж азаматтың баспаналы болуына жағдай жасау мемлекетіміздің басты мақсаты. Қоныс тойын тойлап отырған жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймын, қуаныш пен бақыт, құт-береке тілеймін», - деді аудан әкімі Айдар Ибраев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив