Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай облысында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

25-10-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Қазақстанда басты ұлттық мереке Республика күні аталып өтілуде. Осыған орай Семей қаласындағы көпірасты кеңістігінде Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға 200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, облыс және қала депутаттары, қоғам қайраткерлері, жастар бар.

Жиналған қауым оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік әнұранды орындап, мерекеге орай ел Туы көтерілді.

Айта кетсек, Республика күніне арналған іс-шаралар Абай облысының барлық аудан, қалаларында өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив