Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия теміржолшылары БК құрды

27-10-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 26 қазанда Тблиси қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК»  АҚ, «Грузин темір жолы» АҚ және «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ теңгерімді негізде бірлескен кәсіпорын құру туралы шарт жасасты. Құжатқа «Silk Road» Тблис форумының алаңында қол қойылды.

Үш ел теміржолшылары Транскаспий халықаралық көлік бағдарында мультимодальды сервисті дамыту үшін күш біріктірді.

Жаңа «Middle Corridor Multimodal Ltd.» компаниясы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының базасында құрылады.

Бірлескен жұмыс шеңберінде компания бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсетуге, жеткізу мерзіміне кепілдік беруге, Қытай – Еуропа/Түркия – Қытай бағыты бойынша мультимодальды сервисті дамыту бойынша келісілген саясат жүргізуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив