Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Ұлттық музейде Қазақстан музей қызметкерлерінің I конгресі өтуде

27-10-2023, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада мемлекеттік органдар өкілдерінің, депутаттардың, отандық және шетелдік ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, музей қызметкерлерінің және еліміздің барлық өңірлерінен келген жас зерттеушілердің қатысуымен Қазақстанның музей қызметкерлерінің I конгресі өтуде.

Іс-шара жетістіктерді насихаттау, музей ісін дамыту, музейлердің ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру қызметін жетілдіру, олардың елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы рөлін арттыру мақсатында өткізілуде.

Конгресс шеңберінде «Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы және музей ісі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылады. Онда қатысушылар музейтану, мәдениеттану, этнография, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы» көрмесінде қатысушылар көрнекті ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын ҚР Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қорларынан бірегей музей заттарымен және коллекцияларымен танысты.

«Музей заттарын консервациялау және реставрациялау» семинар-практикумының алаңында музей заттарын консервациялау, реставрациялаудың теориялық, практикалық-әдіснамалық мәселелері талқыланады.

Конгресс бағдарламасын «Мәдени мұра» журналының 20 жылдығына арналған шығармашылық кездесу аяқтайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив